ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ІЗГІ ДӘСТҮРДІҢ ҮЛЕСІ
15 наурыз — Қазақстандағы Наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету — қазақтың қанында бар қасиет. Мереке аудандағы іргелі оқу орны Ойыл кәсіптік колледжі мен аудандық аурухана ұжымы алаңдарында кең көлемде аталып өтті. Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ерекше сипат алып келе жатқан Наурыз мейрамына орай мекемелерде өткізіліп жатқан шараларға куә болды.
Алдымен аудандық орталық аурухана ұжымы ұлтымыздың салт-дәстүрі мен жол-жоралғыларын қайта түлетіп, байырғы тұрмыстың құнды қазынасы көрсетті.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев наурыздың елге, әрбір отбасыға ырыс-берекесімен келуіне тілектестігін білдіріп, бастарына амандық, бақ-береке тіледі.
Бұл күн қазақ халқы үшін жаңа жылдың символы ғана емес, молшылық мерекесі екенін атап өтті.
Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға сый сияпат табыстады.Ал, аурухана ұжымы емделушілер мен келгендердің бәрін көжеден дәм татуға шақырды. Колледж ұжымы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер көрсетіп, шараны әншілер әсем әнмен әрледі. Көше бойына ақ шаңқан киіз үй тігіп, студенттері мен өткен-кеткендерге көже ұсынды. Жайылған кең дастарханды наурыз көже мен бауырсақ, қазы-қарта мен қымыз, шұбат, самаурында қайнаған күрең шай мен қара қазанда иісі бұрқырай қайнаған көжеден ауыз тиді. Наурызнамадағы қайырымдылық күні әрі қарай ұлттық ойындарға ұласты.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.