Әкімдік

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық комитетінің есеп беру сайлау жиналысы өтті

Жиналыста «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық комитетінің төрағасы Айдарбаев Мұратбай Болатұлының есеп беру баяндамасы тыңдалды.

Ол өз баяндамасында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды, әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы бастамаларды және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асқан жұмыстарды жан жақты баяндады.
Ревизиялық комиссияның да есебі тыңдалып, ұйым жұмысына тиісті бағалар берілді. Жиынға қатысқан облыстық филиал төрағасы Мухтарита Муханбетқалиқызы өз кезегінде аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысына оң бағасын беріп, алдағы кезеңдегі міндеттерге тоқталды.
Ол кәсіподақ қозғалысын жаңғырту, жастарды тарту және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Саян Сапарұлы Сүлейменов кәсіподақ ұйымының аудан өміріндегі маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Жиналыстың негізгі күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі — жаңа комитет төрағасын сайлау болды.
Ашық дауыс беру нәтижесінде «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшесі Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облысы Ойыл аудандық комитетінің төрағасы болып сайланды.
Жиналыс соңында ұзақ жыл қоғамдық негізде аудандық кәсіподақ комитетін мінсіз атқарған Айдарбаев Мұратбай Болатұлына және бірқатар белсенді кәсіподақ мушелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық Комитетінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Related Articles

Back to top button