Сайлау

СЕМИНАР САЙЛАУДЫ САПАЛЫ ӨТКІЗУГЕ ҮЙРЕТЕДІ

2026 жылдың 30 шілдесі күні Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіповтің  қатысуымен аудандағы 25 сайлау учаскесінің төрағалары, төрағаның орынбасары мен комиссия хатшыларымен 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, кейстік тапсырмалармен жұмыс және тестілеу өткізілді. Семинардың өтуі кезінде қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Семинарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасары мен комиссия хатшылары қатысты.

 

Back to top button