Әлеумет

Ойылдың 11 мұғалімі — «асыл ұстаз»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» — деген сөзі мұғалімдер қауымы жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екендігін білдірді. Осындай ұстаздарымызды ардақтау мақсатында қазан айында Ақтөбе қаласында оқытушыларға, мұғалімдерге және тәрбиешілерге арналған «Асыл ұстаз» атты Республикалық салтанатты кеш өтті. Ойыл ауданы бойынша 11 адам «Асыл ұстаз» медалімен марапатталды.

Бұл іс-шара ҚР-ның аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Халықаралық Педагогика және Инновациялық Техонологиялық Ғылым Академиясы «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры мен «Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелі журналымен бірлесе өткізілген шараның басты мақсаты-кәсіби деңгейде шындалған ұстаздарымыздың еңбегін көпшілікке паш етіп еңбек жолын ескере отырып марапаттау. Осы тұста бағалау критерийлері жөнінде айта кетсек, «Тек жоғары және бірінші санатты оқытушылар, мұғалімдер және тәрбиешілер, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар қатыса алады» — делінген. Көзбен көріп, барып келген ұстаздарға хабарласып «Асыл ұстаз» медалін алғандарымен құттықтап сұхбаттасып келген болатынбыз. Ең алдымен «Балдырған» балабақшасының әдіскері Шара Рахымқызымен әңгімелестік. «Шынымды айтсам, бұл байқаудан өтеміз деп ойлаған жоқпыз. Біздің ұжымда үш адам қатысқан болатынбыз. Бізге осындай хабарлама келгесін, өзіміздің жұмыстағы жетісіктерімізді жинап электроный нұсқада жіберіп көрдік. Артынша бірнеше күндерден кейін  бізге қадірлі қонағы ретінде шақыру билетті келіп тұрғанда қуанышымызды жасыра алмадық. Еңбегімізді елеп жатқандығы кімгеде болса үлкен сый болар. Осылайша біздерді Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде ұйымдастырушы мекеме ұжымы өздері қарсы алып біздерге керемет көңіл-күй сыйлады. Себебі әрбір аймақтардан келген өзге де адамдармен тілдесіп, бір дастархан басында таныстығымызды нығайта түстік десе де болады. Жалпы бұл жерде мұғалім болсын, немесе тәрбиеші болсын бәрібір. Тек осы уақытқа дейінгі жетістіктеріне байланысты. Осындай еңбегімізді елеп ұстаз мәртебісін көтеріп жатқан ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын» — дейді.

«Асанәлі» балабақшасының меңгерушісі Әсел Бисебаева да өз ойы мен алған әсерін айта кетті. «Негізінен аудан бойынша 11 адам осы кештін қадірлі қонағы болып, «Асыл ұстаз» медалімен сертификатын алып қайттық. Жалпы облыс бойынша 100-ге жуық адам іріктеуден өткен екенбіз. Солардың ішінде өзім және ұжымымдағы екі қызметкердің жұмыстары өткендігі мені қатты қуантты. Несін жасырайын, бізді құрметтеп қызыл жолақты кілемнің үстімен жүргізіп, бір сәт ұстаздың күнделікті күн тәртібін мерекелік кешпен ұмытылмастай етіп сыйлы қонағы қылып сыйлағандарына алығысымды айтамын. «Ұстаз-ұлы есім» демекші, осы ұлы есімді ұлықтап ұстаздар мерекесімен ұштастырғандары үшін рақмет» — дейді.

Міне, «Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де-ұстаз» — деп Елбасымыз бекер айтпаған.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар