АДАЛ ЕҢБЕК – ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Қыркүйек айының соңғы аптасында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Адал еңбек, құрмет» атты еңбек адамдарына құрмет көрсету және марапаттау кеші өтті.
Шараның басты мақсаты – әр салада табанды еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарын дәріптеу, олардың маңдай термен атқарып жүрген еңбегіне лайықты құрмет көрсету.
Кеш барысында ауданның түрлі мекеме мен ұйымдарында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Әр мекеме мен ұйым өз саласында адал еңбегімен көзге түсіп, жауапкершілігімен үлгі болып жүрген еңбек адамдарын арнайы марапаттап, алғыс білдірді.
Марапатталғандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек етіп жүрген азаматтар болды. Олардың әрқайсысы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, күнделікті еңбегімен ел игілігіне үлес қосып келеді.
Еңбек – ел дамуының негізгі тірегі. Қай салада болмасын өз міндетін адал атқарып, кәсібіне құрметпен қараған адамның еңбегі қашанда бағалауға лайық. Еңбек адамдарын дәріптеу – қоғамда еңбекке деген құрметті арттырып, кейінгі буынға өнеге көрсетудің маңызды жолы.
«Адал еңбек, құрмет» кеші – маңдай термен еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін елеп, олардың мерейін үстем еткен тағылымды шара болды. Адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген жандарға көрсетілген мұндай құрмет еңбекке деген жауапкершілікті арттыра түсері сөзсіз.




