Басты тақырып
Нұргүл Абдуллина – «Жылдың ең үздік қаржыгері»
Ұлттық валютамыз теңгенің туған күні қаржыгерлер күні болып та белгіленген. Биыл төл теңгеміздің қолданысқа енгізілгеніне 25 жыл толды.
Осы орайда «Тәуелсіздіктің 20-жылдығы атындағы демалыс және мәдениет орталығында» Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтті. Мереке иелерін аудан әкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев құттықтап игі тілегін білдіріп, осы уақытқа дейінгі жұмыс атқарған еңбектері үшін, «Ұзақ жылдар қаржы жүйесінің қалыптасуына және дамуына, ел экомикасының нығаюына қосқан үлестеріне байланысты» және «Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, үлгілі мемлекеттік қызметі үшін», аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлының алғыс хаттарын табыс етіп және «Жылдың ең үздік қаржыгері» деген белгісі бар лентаны Нұргүл Абдуллинаға табыстады. Мерекелік шара қызметкерлер арасындағы жылы лебізбен, лотерея ойынымен, көңілді музыкалық кешпен жалғасын тапты.
Өміргүл ТЕМІРХАН.