ӘлеуметБасты тақырып

Амангелдіге ауыз су келді

Еліміз бойынша шалғай ауылдардың басты проблемасы ауыз су болса кезең кезеңімен бұл да іске асып келеді. Жылына бір екі ауыл таза судың игілігін көреді. Көптоғай селолық округіне қарасты Амангелді елді мекенінде су құбырын тарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Су қоймасының құрылысы аяқталып, Тәуелсіздік мереке қарсаңында ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Қазір ауылдың түгелге жуық  үйіне су кіріп тұр. Ауыз су құбырының ашылу салтанатына барған аудан әкімі Дастан Сағыров тұрғындардың қуанышты жаңалығымен бөлісті.

«Құрметті ауыл тұрғындары! Тіршіліктің көзі су десек, таза ауыз суға қол жеткізіп жатырсыздар. Бұған облыс әкімі Бердібек Машбекұлының үлесі зор. Облыс әкімінің тапсырмасы ауылдық жерлерде көп ұзамай орындалып жатыр. Оған міне өздеріңіз куә болып отырсыздар. Мереке қарсаңында сіздерді қос қуаныштарыңызбен құттықтаймын!» — деді.

Көп ауылға арман болған ауыз судың құбырын әр үйге кіргізіп, елді мекендерге жағдай жасап жатқан облыс, аудан басшыларына ауыл ақсақалы Қаржау Үйелбаев тұрғындардың атынан ризашылығын жеткізіп, Мұрат Қилыбаев екеуі ауыз су ғимаратының лентасын қиды.

Жалпы құны 183,199 мың теңге құрайтын ауыз су құрылысында мін жоқ. Біраз аумақты алып жатқан су қоймасының үлкен жарықтары түнде ауылға көрік береді. Су құбырының ұзындығы 7 шақырым. Құрылысты жүргізген мердігер «ИнформСтройСервис» жауапкершілігі серіктестігінің директоры Найып Азизов те «біткен істің басында» болды. Олар бірнеше жылдан бері ауданымыздың ауыз су, мектеп, тағы басқа ірі әлеуметтік нысандарды салып, уақытында аяқтап келеді.

Самат НАРЕГЕЕВ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар