ӘлеуметБасты тақырып
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты Ойыл аудандық «Ойыл» газетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
«Ойыл газеті» ЖШС Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және сайлау науқаны кезеңіне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарына және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарына «Ойыл» газетінің бетінен баспа алаңын ұсынудың төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
1.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін ақ-қара түсті 1 шаршы см. құны — 200 теңге. Түрлі-түсті бетте орналастыру құны – 250 теңге.
2.Сайтта жариялау құны — басылымдарда орналастырылған сайлауалды үгіт материалдарының жалпы сомасының – 50 %-ы.
3.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттың немесе сенімді өкілінің ұсынатын мәтіндік, фото жәнет.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әрбетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенім хаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
4.Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
5.Макет жасау мен баспа бетін ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады.
6.Сайлауалды үгітті орналастыру «САЙЛАУ-2023» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
7.Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген колданыстағы заңдарымен анықталады.
Р. S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Ойыл газеті» ЖШС