Әлеумет

Отыз отбасыға көмек берілді

Халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Аталардың дәстүрін дәріптеп келе жатқан халықтың бүгінгі ұлт болып ұйысып отыруы да осындай қасиеттердің арқасы. Тіпті алмағайып жылдары үдере көшкен, көшірілгендерге де құшағын ашып, бір үзім нанын бөліп берді.

Ел болғасын әркімнің мүмкіндігі әртүрлі. Мүмкіндігі жететін кәсіпкерлер мен мекеме басшылары бұған дейін де талай бастаманы қолдап, мұқтаждарға қолұшын созып келді. Аудан әкімі Дастан Сағыровтың бастамасымен қолға алынған бұл жолғы көмек көктемнің алғашқы күнінде келетін Алғыс айту күнімен ұштасты. Бүгін Ойыл селосында көмекке зәру отыз отбасының әр қайсысына 8 мың теңгеге азық-түлік берілді. Ал, аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы жуырда ғана тілсіз жаудың кесірінен қыс ортасында баспанасыз қалған екі отбасыға құрылыс материалдары үшін 50000 теңгеден табыстады.

Басқа жаңалықтар