Әлеумет

Құрбан айтты тойлады

Құрбан айт мерекесін ойылдықтар жылдағы дәстүр бойынша орталық мешітінде таң намазынан бастады. Мешіт имамы Нұрсұлтан Серікұлы жиылған жамағатқа Құрбан айт мерекесінің маңызын, күллі мұсылман бауырлар үшін қадір-қасиеттерін айтты. Сонымен қатар айт намазын қай кезде оқылуын, шарттарын, құрбандыққа қандай малдар шалынатынын жеткізді. Айт мерекесіне көппен бірге қатысқан аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы еліміздің тыныштығын, әрбір тұрғынға, әрбір отбасыға береке тіледі. Биылғы жылдың бір ерекшелігі санитарлық талапқа сай келмейтін болғандықтан құрбандық мал бұрынғыдай мешіттің жанында емес, арнайы мал сою бекетінде сойылды. Көпшілік малдарын сол жерге апарып құрбандық шалды. Аудан басшыларының бастамасымен 2 аталық ірі қара сойылып, таратылды. Одан кейін орталық мешіттің алдында спорттық шаралар ұйымдастырылып, оған оқушылар мен зейнеткер аталарға дейін қатысты. Киіз үйде село ақсақалдарына арналған мерекелік дастархан жайылды. Діни мерекені тойлау ауданымыздың барлық округтерінде өтіп, игі істермен, спорттық шаралармен жанданды.

 

 

Басқа жаңалықтар