ӘлеуметБасты тақырып

«Рақым» қайырымдылық қорының жетістігі

Өткен жылы Ойыл ауданы бойынша ауданымыздың осал топтағы отбасыларына материалдық және әлеуметтік көмек беруді мақсат еткен «Рақым» қайырымдылық қоры ашылған болатын. Оның құрамында атап айтсақ Айдана Табынбаева жетекшілік етіп, Темірболат Шәутенов, Мейрамбек Музамелұлы, Аңсаған Ғазез, Ақнұр Кеңесова, Ғалымжан Жұбанов секілді белсенді жастар жұмыс жасап келеді. Аудан көлемінде әр қилы қызметте болса да елге пайдасы тиіп жүрген жастардың қайырымдылық қоры игі істер атқаруда. Бұдан бөлек ерікті аудан жастары қатарға кеп қордың мүшесі атанып жатыр.
Ашылғаннан бері көптеген жұмыс жасап жоқ-жітік, жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп тыңғылықты іс бітірген болатын. Елімізге келген індет қарсаңында аудан тұрғындарына ақшалай, заттай жәрдемдесіп демеу болды. Елге еткен еңбек елеусіз қалмайтыны белгілі. Жасаған жақсылықтары үшін, ауданның жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Рақым» қайырымдылық қоры Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева «Қайырымдылық керуені» акциясынан марапат алды. Барша «Рақым» қорының ұжымын марапатымен құттықтай отыра жұмыстарына береке тілейміз.
Бұл «Рақым» қайырымдылық қорының ғана жетістігі емес аудан жастарының жетістігі екенін мақтана айта аламыз. «Рақым» қайырымдылық қорының мүшесі боламын деген жастарға қордың құшағы ашық екенін айта кетеміз. Ел үшін жақсылық жасауға үлес қосқыңыз келсе қатарға қосылыңыздар. Қашанда қайырымды,игі іске иіліп тұратын жастарымыз биік тұғырдан көрінсін демекпіз.

Басқа жаңалықтар