Білім
Ардақты мұғалімге кәсіподақтың құрметі
Апта басында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көп балалы педагог-аналарды қолдау мақсатында салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараны облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова кәсіподақ мүшелерін көктем мерекесімен құттықтап, облысымыздың білім беру саласында еңбек еткен 13 «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері мен көп балалы аналарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен және әрқайсысы облыстық кәсіподақтың 100000 теңгелік сертификатымен марапатталды. Осындай құрметке Ойыл ауданы Қаракемер мектеп-балабақшасының мұғалімі, көп балалы ана Ардақ Амантаева ие болса, Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымынан жолдама алған бір топ мұғалім көктемгі каникулда Көкше жеріне демалуға жүргелі отыр.