Әлеумет

Мемлекеттік қызмет мардымды болуға тиіс

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына қойылған жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталаған іс-шараның мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін консультативті- әдістемелік көмек беруді қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге аудандық жергілікті атқарушы органдар, орталық аурухана және аудандық кәсіпкерлік палатасы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қатысты. Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінде 65 адам әртүрлі кеңес алса, 15 сандық электронды қолтаңбасын жаңартты. Атап өтсек, өткен жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі 3 мәрте өткізілген болатын.

Салтанат КЕҢЕСАРЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар