ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруСпортСұхбатЭкономика

ЖЕМІСТІ ЖЫЛДЫҢ «ЖЕҢІМПАЗДАРЫ» МАРАПАТТАЛДЫ

Ауыл — халқымыздың қара шаңырағы десек, туған еліне, халқына қызмет ету, оның өмір-тіршілігіне араласу, абыройы мен беделін көтеру, қасиетті жерін мақтан тұту- әр адамның, әр қазақстандықтың парызы.


Биылғы жыл да тағдырлы шешімдердің, ерен еңбек пен тарихи табыстардың кезеңі ретінде халқымыздың тарихына енгелі тұр.
Ауданның тарихқа енгелі тұрған табысына үлес қосқан үздіктер бүгін аудандық мәдениет үйінде өткелі тұрған жылдың жетістіктерін саралаған салтанатты жиында марапатталды.

Алдымен аудан әкімі Елордадан жеткен марапаттарды табыстады. Яғни, Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының шешімімен денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісін дәрігер Әлия Баймағамбеттің кеудесіне тақса, дәрігер Әйгерім Қазиеваға «Үздік жас медицина қызметкері» төсбелгісін тапсырды. Ал, аудандық балалар кітапханасының аға кітапханашысы Гүлайым Қаплиеваға Қазақстандық кітапханашылар одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі табысталды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов пен хатшысы Болат Бақтыгереев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімнің басшысы Зейнұр Берғалиев пен аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Асланбек Есенғалиевтар «Қоғамның жаңа келбетін қалыптастыруға қосып жүрген мол үлесі үшін» Ақтөбе облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталса,

ал, Ойыл ауданы әкімінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №64 өкімі негізінде «ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ – 2022» атағы ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ойыл аудандық ауруханасының хирург дәрігері Бағдат Көптілеуовке, гір спортынан өткен әлем чемпионатында  63 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанып, көрсеткен жоғары жетістігі үшін спорт шебері Айтқали Балтабаевқа және жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсының жеңімпазы атанып, көрсеткен жоғары жетістігі үшін Құрман орта мектебінің 10 класс оқушысы Санат Бөгенбаевқа берілді.

Ауданның мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ақмарал Наурызова, ауданның мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Бөкенбай Жалғасбаев, ауданның егіс шаруашылығының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Атамекен» шаруа қожалығының төрағасы Жалғас Сидағалиев, ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүргізудегі абыройлы еңбегі үшін Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бағытында атқарған қажырлы еңбегі үшін Ойыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзетім кабинетінің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Медет Есбосынов, Аудан халқына қызмет көрсетудегі қажырлы еңбегі үшінОйыл ауылдық округінің мал күтушісі Жанғали Ботақараев, аудан халқын сапалы жергілікті көкөністермен қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегі үшін жеке кәсіпкер Людмила Шестаковалар Ойыл ауданы әкімінің сыйлығына ие болды.

Ауданның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрман орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ақтоты Қыстаубаева, ауданның ветеринария саласындағы абыройлы еңбегі үшін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Гүлжайнар Сұлташева, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қажырлы еңбегі үшін Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Нұрперзент Жүсіп, ауданның мәдениет саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының кіші қызметкері Бақтілеу Құрманғалиев, ауданның білім саласындағы абыройлы еңбегі үшін Ойыл аграрлық  колледжінің кадр инспекторы Ардақ Мұратова, ауданда табиғи және

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алудағы қажырлы еңбегі үшін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дәурен Өлғасыров, ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан зор үлестері үшін «Томирис» шағын жартылай  өнім шығаратын кәсіпорын басшысы Салтанат Қалдығұлова, «Қаракөз» көлік жуу нысанының басшысы Бауыржан Өгізбаев, «Мұрагер» ет-көкөніс, азық-түлік дүкенінің басшысы Өркен Ақеділовтер марапатталды.

********************************

Мерекелік салтанат соңы аудандық мәдениет үйінің концертімен жалғасты.

Басқа жаңалықтар