Әлеумет

Жолдағы қабылдау тұрғындарға жаңа мүмкіндік

Өткен аптаның жұма, сенбі күндері аудан орталығында таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 7- ге дейін ҚР-ның Ішкі істер министрі Е.Тұрғұмбаевтың нұсқауы негізінде, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында «Жолда қабылдау» республикалық  акциясы өткізілді. Акция барысында көші-қон заңнамасының сақталуы, тұрғылықты мекен-жайдың ауысуы, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша 18 адам сауал қойды. Ал 10 адам әр салада салынған айыппұлдардың өтелу мерзімі мен Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған көліктерді заңдастыру бойынша жолығып, барлығы дерлік тиісті жауаптарын алды. Бұл акция қарапайым халықтың уақытын тиімді пайдаланып, көкейкесті сұрақтарына әп сәтте жауап алуына үлкен мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар