ӘлеуметМәдениетРухани жаңғыру

ЖҰМЫСШЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Елімізде биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғаны – еңбек адамына деген құрметтің айқын көрінісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл игі бастама жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған.
Осыған орай, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданымызда еңбек етіп жүрген жұмысшы жастарды марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шара алғыс айту күніне орайластырылып, жұмысшы мамандардың еңбегін дәріптеуді көздеді.
Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Бүгінде кез келген сала мамандары секілді, қарапайым жұмысшылар да еңбек нарығында маңызды орынға ие. Олардың ерен еңбегі мен төзімділігі – болашақ ұрпаққа үлгі.
Осы орайда, еңбегімен ерекшеленген бірқатар жұмысшы жастар аудандық жастар ресурстық орталығының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапат иегерлері:
Ойыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күзетшісі –Нұрперзент Жүсіп,
Ойыл орман шаруашылығының жүргізушісі – Нұрдаулет Серікұлы,
Ойыл аудандық пошта байланыс торабының пошташысы –Әйгерім Хабидуллина,
Ойыл кәсіптік колледжінің коменданты – Алтынгүл Сәрсенғалиева,
«Көкжар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының күзетшісі – Заманбек Нұрмұханов,
Энергосистема ЖШС Ойыл ЭЖУ бөлімінің жүргізушісі –Мұхтар Бекқалиев, «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Ойыл газ шаруашылығының шебері –Азамат Күнсарин.
Марапаттау рәсімі барысында жастар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған жерге мың алғыс!» атты арт-терапия байқауына қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, шара қонақтарына арнайы ұйымдастырылған фуршет ұсынылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерімен кештің көркін қыздырды.
Бұл шара – адал еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрмет пен алғыс.
Қоғамның дамуына үлес қосып жүрген әрбір жұмысшы мамандық иесі – нағыз батыр.

 

Related Articles

Back to top button