Басты тақырыпДенсаулық
Скандинавиялық жүріс акцияның арқауы
Өткен сенбі күні аудандық аурухананың ұйымдастыруымен 6-сәуір күні аудандық спорт мектебінің алаңында Ақтөбе облысында Скандинавтық жүрісті енгізген І.Аймағамбетовты еске алу, сонымен қатар денсаулықты сақтау мен нығайту, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында «Сау болу-сәнді!» атты денсаулық акциясы болып өтті. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаев сөз алып аудан халқына осы шараға белсене атсалысқаны үшін алғысын айтып, жиылған жұршылықты спортпен шұғылдануға, сонымен қатар өзгелерге де насихаттауға шақырды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Бұқаралық спортты дамытуды 2020-жылға дейін 30%-ға жеткізуге тапсырма берген болатын. Аудан бойынша қазіргі таңда спортпен шұғылданушылар 28% құрап отырғанын атап айтып, алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі жоғарылату керектігін де тілге тиек етті.
Осыдан кейін жиылған жұртшылықпен бірге спорт мектебінің ұйымдастыруымен дене жаттығулары жасалды. Осы жаттығулардан соң жиылғандар Скандинавтық жүріспен ұйымдастырылған марафонға қатысты. Күнделікті көз алдымызда өтіп жатқан дүние болмаған соң, алғашында халыққа таңсық көрінгені де рас. Кейіннен бұл қимыл қозғалысқа еттері үйреніп, қызығушықтары да арта бастады. Бұл шара қол күресі мен арқан тартыспен жалғасын тапты. Мекеме қызметкерлері өзара бақ сынасып, білек күштерін көрсетуге тырысты.
Салтанат АМАНҒАЛИҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.