Басты тақырып
«Керуен Наурыздың» көші Көкжарға жетті
Көрісу күні басталған «Керуен Наурыз» ауданның ауылдарын айналып Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ойылға келді. Керуеннің сыйы саралжындықтардың ауылшаруашылығы жәрмеңкесімен ұштасты.
«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағындағы» жәрмеңке соғымды тауысып, қараөзек кезде «қызылсыраған» ойылдықтардың ойынан шықты. Жылқы мен сиырдың етінің бағасы да дәл осы кез көңілге қонымды. Туған жерінің шашбауын көтеріп жәрмеңкеге атсалысқан Ойылдағы жерлестері де көп болды. Ал, саябақта наурыз көже мен палау мерекелік шараға келгендерге әсем әуеннің ырғағымен ұсынылды. Сондай-ақ, саралжындықтар саябаққа жиналған көрермендерге қазақтың енші беру дәстүрін көрсетіп, ұмыт бола бастаған салттарды жаңғыртты.