Спорт

Бекзаттың белесі әлем чемпионатының күміс жүлдесі

АУДАН ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ «ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ» АТАНҒАН ҰЛАН МҰҚАШЕВТЫҢ ЖЕТІСТІГІ ТӨБЕМІЗДІ КӨККЕ ЖЕТКІЗГЕНДЕЙ ҚУАНТҚАНЫ КӨПКЕ МӘЛІМ. МІНЕ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН АТ ТӨБЕЛІНДЕЙ АУДАННАН ТАҒЫ ДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҒАРЫНА ЕШКІМ СЕНЕ ҚОЙМАДЫ. АЛАЙДА ШЫНТУАЙТЫНА КЕЛГЕНДЕ СПОРТ ШЫНЫҚТЫРЫП ҒАНА ҚОЙМАЙ ТАЛАЙ-ТАЛАЙ ШЫҢ БАСЫНА ШЫҒАРАТЫНЫ БІЗ ҮШІН ТАҒЫ БІР МӘРТЕ АЙҚЫНДАЛДЫ. НАҚТЫРАҚ АЙТСАҚ, 48 КИЛОГРАММ САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ БЕКЗАТ МҰХАМБЕТОВ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ.

Бұған дейін де облыстық, респу-бликалық жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атанып жүрген палуан болашағынан көп үміт күттірді. Оған өзімізде талай мәрте куә болдық. Газетіміздің кезекті сандарында жарқ етіп шығып жүрген Бекзаттың бай-рақты бәсекелерде бабында күресіп, ауданның ғана емес, облыстың да абыройын асқақтатып жүргені жал-ған емес. Бекзат Мұхамбетовты күрес өнеріне марқұм атасы Мұхам-бет алып келген. Ата-анасының айтуынша, алғашында бала палуан-ның қолын сындыру сынды қиындық-тары көп болған. Алайда атасының айтқан қарулы сөздері оған күш-жігер берген. Нәтижесінде атадан бата алған бала палуанның байрақты бәскелерде талай рет бағы жанды. Міне бүгінгі жетістігі де соның айғақты көрінісі. Ал, палуанның жаттықтыру-шысы Тимур Қалниязовтың сөзінше әлем чемпионатында өнер көрсету оңайға соқпаған. Өйткені, Бекзаттың алғашқы кездесуі жергілікті Өзбек палуанымен болса, екінші кездесуінде Грузин палуанымен кездесіп сәтті аяқтаған. Алайда жартылай финал-дық бәсекеде көп қиындықтар туын-даған. Өйткені салмақ қуған палуан біраз күш жоғалтып алған. Алайда бапкері Тимур Қалниязов оған бүкіл қазақ елінің намысын қорғайтын сәт туғанын түсіндіріп, жүрекпен күресу-ге кеңес берген. Міне осындай намысты қайраған жанды сөздер оның күш қуатын арттырып, Тәжік палуанын жеңуіне зор септігін тигіз-ген. Әйтсе де бір әттеген-айы алтынға таласу кезінде Ресей палуанына есе жіберіп алды. Дегенменде әлемдік додада дара шыққан Бекзаттың белесі болашағынан үлкен үміт күттіреді.
Осы орайда өткен аптада аудан жұртшылығы Қазақстан Республи-касының «Самбо», «Дзюдо», «Қазақ күресінен» спорт шебері Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлде-гері, жерлесіміз Бекзат Мұхамбетов-ты қарсы алды. Небары 18 жасында Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған Бекзат Жұмабергенұлын алдымен ауданның кіре берісінен күтіп алды. Одан кейін, Ойыл балалар және жасөспірімдер спорт мектебін-де айрықша құрмет көрсетті. Аудан тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған Ұлан Мұқашевтың ізін жал-ғап, жастар жылында ауданның абыройын асқақтатқан Бекзаттың белесі барша жұртшылықты қуантты. Ойыл балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде әлем чемпионаты-ның күміс жүлдегерімен кездесу барысына чемпионға ыстық ықылас-пен қошеметпен құрмет көрсетіліп, жерлес спорт жанашырлары және аудан әкімі атынан қаржылай серти-фикаттарын табысталды. Одан кейін өзі білім нәрімен сусындаған тоқсан жылға таяу тарихы бар білім ошағы, яғни Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі ұжымы айрықша қарсы алып, кездесу кешін өткізді. Онда аталған палуан мен оның  алғашқы бапкері, әлем чемиона-тында жанынан табылған жаттық-тырушысы Тимур Қалниязовпен сыр сұхбат өткізілді. Мектеп директоры Маржан Жонысова айтулы білім ошағынан түлеп ұшқан спорт сала-сында бірі ұстаз, бірі шәкірт атанған түлектерге ыстық лебізін білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті. Алдағы уақытта алтынға қол жеткі-зіп, республиканың абыройын асқақ-татуға сәттілік тіледі. Айтулы кез-десу кешіне палуанның ата-анасы да арнайы шақыртылып, оларға да айрықша алғыс айтылды. Кеш кезінде көңілді кернеген қуаныш пен жүрек толқынысының жасы тамды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар