Экономика
Теңгенің туған күнінде…
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгілерінің бірі — ұлттық валютасы. Ол қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. Теңге — біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу — барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валют а- еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейде теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15-қараша — төл валютамыздың туған күні, сонымен бірге қаржыгерлер күні болып бекітілді. Міне, бүгінгі мерекелік кешке аудандағы қаржы саласының мамандары қатысып отыр. Мерекелік кеште қаржы саласының мамандарын алғашқы болып аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтады. Сонымен қатар Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Талғат Рысқалиев өзінің әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, мерекелік кешті бірнеше марапаттармен жалғастырды. ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Құрмет Грамотасымен Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Талғат Рысқалиев марапатталды. Қаржы саласында қызметтік міндеттерін адал атқарып, іскерлік қабілетін көрсетіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне табысты үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының алғыс хатымен «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі — Бөкенбай Әміржанұлы марапатталды. Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысы Р.Мыңбаевтың Құрмет Грамотасымен Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Гүлсамал Ембергенова марапатталды. Ауданның қаржы саласына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың Алғыс хатымен Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркебұлан Сембин, Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Бақыткүл Қалишева, Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы — Құралай Ұлықпанова, Ойыл аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Есет Қонысұлы марапатталды. Аудан көлімінде қаржы саласы қызметкерлерінің арасында дауыс беру жолымен ең көп дауысқа ие болып, «Жыл қаржыгері» номинациясымен Қайнар Ұлықпанов марапатталды. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев марапат иелерін құттықтады. Ары қарай мерекелік шара әріптестерінің жылы лебіздерімен жалғасты.
Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.