Әлеумет

Үйірме ұлттық дәстүрге үндейді

Кез-келген оқушының ата-анасында бір күні «Бала мектеп үйірмесіне барсын ба?» — деген сұрақ туады. Әрине, барсын! Мектепте ең қызық сабақтар да балалар үшін бәрібір өткінші қажеттілік болып қала береді. Бала басқа амалы жоқ екенін біледі — жасау керек деді ме-керек деп жүреді. Бұл әрине оның ары қарай дамуын баяулатады. Бала өзін шынымен не қызықтыратынын таңдауы тиіс, өз мүмкіндіктерін ашып, жаңа дарындарын дамытуы қажет.
Балалар әртүрлі үйірмелерге өз қызығушылықтарына сәйкес келеді, яғни онда жаныңды түсінетін достарды табу әлдеқайда жеңіл. Балада бос уақыт аз болған сайын, уақытты тиімді пайдалану соғұрлым жақсы болатыны қызық жайт. Сабақта ойын жинақтап, қажет болғанда бір бағытқа топтала алады, кейін тура солай жылдам босаңси алады. Одан басқа, оның  оқуы түрлі болған сайын, соғұрлым көптеген дағдыларды алады, бұл оның оқуына оңтайлы әсер етеді. Міне бүгінде дәл осындай жұмыстар, осындай көптеген үйірмелер біздің Ойыл аудандық оқушылар үйінде де жүріп жатыр. Үйірменің мақсаты — ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді, мәдени-мұраларымызды, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау және жасау, әдіс-тәсілдерін үйрету. Кеше Оқушылар үйінің әдіскері Әлия Таңатаровадан сұхбат алған болатынбыз. Жалпы оқушылар үйінде 13 үйірме бойынша жұмыс жасалып жатыр. Оның үшеуі Саралжын, Берсиев және Соркөл орта мектептерінде жүргізіледі. Үйірмеде барлығы 26 топ. 575 оқушы бүгінгі таңда осы үйірмелерге қатысуда. Жас техник, Асыл ине, Бейнелеу өнері, Жас дизайнер, Математика, Ісмер тағы да басқа үйірмелер жұмыс жасап жатыр. Осы үйірмелер арқылы оқушыларымыз жан-жақты еңбектеніп көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындар алып жүр. Атап айтсақ, Дилназ Абатқызы «Алтын қазына» балалар шығармашылық көрмесі облыстық байқауынан II-орын, Инабат Сағынова «Құтты мекен таланттары» республикалық байқауынан III-орын, Тілеулес Маратов «Жаңа жылдық шырша» қолөнер облыстық байқауынан III-орын алса, Жанайым Төлегенова «Жаңа жылдық шырша» қолөнер байқауы, Бейбарыс Сағынов «Анаға деген махаббат» сурет байқауы, облыстық Алғыс хат, Дариға Ғалымжанова «Қазақстан жаңа әлемде» облыстық сурет байқауы II-орын, Дилназ Сағындықова «Алтын қазына» облыстық мақтау қағазы, Нұржанат Серікқызы «Сиқырдың техникасы» байқауларынан алғыс хаттар алды. Міне осындай оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетіп бүгінгі таңда ел мақтанышына айналды. Осындай жетістіктерге жетулеріне бірден-бір септігін тигізіп отырған ұстаздарымызға мың алғыс. Сонымен қатар үйірме жетекшілері де түрлі байқауларға қатысып Алғыс хаттарға, аудан әкімінің марапаттарына ие болып жүр. Алдағы уақытта желтоқсан айының 12-13 аралығында Тәуелсіздікке байланысты «Ата-баба мұрасын сақтаймыз» атты республикалық қолөнер байқауы мен бейнелеу өнері байқауына 4 оқушы қатысқалы отыр.

Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар