Әлеумет

Халықтың үні билікке жетеді

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іргерілету мақсатындағы Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шара аясында 2019 жылғы 21 қарашада аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Асқар Қазыбаев және барлық мемлекеттік орган басшылары тұрғындарға қабылдау жүргізіп, өтініштері бойынша тиісті шаралар қабылдады. Қабылдауға тұрғындар түрлі сұрақтар бойынша келді. Негізінен сұрақтар атаулы әлеуметтік көмек алу, баспанаға қол жеткізу жолдары, сонымен қатар жұмыс мәселелерімен байланысты болды. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, барынша мәселелерін шешуге тырысты. Қабылдауға келген әр тұрғындардың мәселесі бақылауымызда болады. Себебі, халықтың әл-ауқатын арттыру — басты міндетіміз,- деді аудан әкімі. Сонымен қатар дәл осындай қабылдау жұмыстары ауылдық округтерде де жүргізілді. Тұрғындардың мәселелеріне мекеме басшылары әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Басқа жаңалықтар