ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ — ОТБАСЫ

15 мамыр «Халықаралық отбасы күніне» орай ұйымдастырылған «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты отбасылық шара жас отбасылардың жүгіру марафонымен басталды.
Абай мен Көкжар көшелерінің қиылысынан қозғалған отбасылар «Тәуелсіздік» көшесінің бойында орналасқан отбасылық саябаққа дейін барды. Айтулы мереке әрі қарай отбасылық саябақта мәдени көпшілік шарамен жалғасты.
Шараға еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін бір отбасыдай атсалысты. Шарада Ойыл ауылдық округінің әкімі Артур Аманғосов барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында ойылдық жас отбасылар арасында ұйымдастырылған «Love story» атты интернет байқауында жоғары белсенділік танытып, аудан тұрғындарының ықыласына бөленген Қожасаевтар, Магзимовтар, жүлделі І орынға ие болған Шойыновтар отбасын марапаттады. Әрі қарай мерекеде Өтеген Сағатов ата ізгі тілегін арнап, Тілеген Алданаев ақ батасын берді. Әсем әуен әуелеген саябақтың сәнін әрі қарай аудан өнерпаздары концерттік бағдарламамен әрлесе, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ойындар ұйымдастырды.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар