Спорт
Жас дзюдошылардың жеңісі
Дзюдо — жекпе-жектің әлемдегі ең танымал түрі. Олимпиадалық спортқа ойылдықтардың да құштарлығы күшйіп келеді. Соның куәсі – соңғы кездергі балаларымыздың жетістігі. Қараша айында Атырау облысында дзюдодан Халық батыры Исатай Тайманұлының жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық турнирі өтті. Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен де команда қатынасып келді. Қара көбейтіп, тек қатынасып қайтқан жоқ. Атыраудың татамиінде Ойылдан барған алты балғын палуанның үшеуі финалған шығып, жүлдеге қол созды. Яғни, Бейбіт Қажымұқанқызы мен Абылайхан Мерекеұлы жарыстың күміс медалын иеленсе, Дияс Асхатұлы алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар, 1желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақтөбе қаласында өткен жарыста да ойылдықтардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, Темірлан Тоқаш пен Диас Асхатұлы II-орынға ие болса, Асланбек Жеңісұлы жеңімпаз атанды.