Әлеумет

Ылғалды жерге ырыс қонса, өнім де мол болмақ!

Өткен қыс шаруа баққандар үшін өте жайлы болды. Қыс қылышын сүйреп кіргенімен қаһары да, қары да қабырғамызға сыз боп тимеді. Соның салдарынан көңілімізде биыл да қуаңшылық болады деген болжам болғаны рас. Бірақ болжам теріске шығып, жердің ылғалы мол болды. Бұл әрине «Диқан жерін мақтайды», - дегендік емес. Шынтуайтына келсек, жердің ылғалдылығы бұрыннан жерге түрен салып келе жатқандардың үмітіне үлкен сенім орнатып тастады.

Осы орайда өткен жексенбі аудан әкімі Асқар Қазыбаев Сарбие, Қараой бағытына арнайы іссапарға шығып, егістік алқаптарды аралады. Көктемнің шуақты күндерінде егіс егуге ерте қамданған «Рақым», «Жақып», «Барыс», «Жиенбек» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, шаруалармен тікелей тілдесті. Егіс егу кезіндегі көктемгі далалық жұмыстары көңіл толтырып-ақ тұр. Қазіргі таңда ылғал жабу жұмыстары бітуге жақын. Шаруалардың алды «санаулы күнде дән себу жұмыстарын бастаймыз», — дейді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл-Сарбие-Қараой-Ойыл.

Басқа жаңалықтар