Әлеумет

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Өткен аптада қаржы институттары және ветеринария, ауыл шаруашылық басқармаларының басшылары және жер инспекциясы мамандарының қатысуымен кәсіпкерлерге жеке қабылдау ретінде ашық есік күні өткізілді. Мәселесін айтып келгендерге мамандар кеңес беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін түсіндірді.

Олар бизнес өкілдеріне кәсіпкерлердің құқығын қорғау, жер мәселесі, әсіресе ауыл шаруашылығы бағытындағы сауалдарына кең көлемде жауап беріп, тегін кеңес берді. Ұйымдастырушылар мұндай шара алдағы уақытта облыс орталығына келіп жүрмей кеңес алу үшін аудан кәсіпкерлеріне тұрақты ұйымдастырылатын болады, — дейді. Кездесуде көтерілген мәселелердің дені агро-өнеркәсіптік саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін жер мен қажетті құрылғылар, жаңа кәсіп ашу немесе өндірісті кеңейту мақсатында берілетін несиелердің мөлшеріне, қағазбастылық пен кәсіпкерлерге келтірілетін түрлі кедергілерге байланысты болды.
Сондықтан, қабылдау барысында «Аграрлық несиелеу корпорациясы» және «КазАгроФинанс» АҚ өкілдеріне көп сұрақтар қойылды.
Әрине, кейбір кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағаларын қаржы институттарының несиелеу талаптары мен оның шарттарына сәйкес кепілге қоятын мүліктің бағалануы да мазалайды.
Осыған дейінгі ауылшаруашылығы саласын дамытуға септігі тиіп келген субсидиялау туралы сұрақтарға да тиісті сала мамандары жан-жақты түсінік берді.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де бизнес басшыларына кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күніне атсалысты.

Басқа жаңалықтар