Әлеумет
Шалғай ауылдың шаттығы
Алмагүл Мырзағалиева Қараойдың төлтумасы. «Арман қуып» Алматы аспаса да, Ақтөбеде де өзінің мақсаттарын орындауға мүмкіндік тапты.
«Еңбектің наны тәтті» болатынын жасынан көріп өскен қыз, студент кезінде-ақ ата-анасына қол жайған жоқ. Кеш жатса да, ерте тұрды. Анасынан көргені кәдесіне асты. Қай шаруаға да ұқыппен қарайтын бойжеткен әуелі өзінің адал еңбегімен қаланың үлкен ресторандарының аспазы болды. Кейіннен өзінің кәсібін ашты. Кәсібі әрине, тамақ өнеркәсібімен байланысты. Биылғы әлемді шарпыған пандемия жас кәсіпкердің жоспарын 180 градусқа аударып тастады.
Сондықтан, бәрін тастап, бір күнде жиналып туған жері Қараойға елді. Қаланың қым-қуыт тірлігіне көндіккен адам ауылға сия ма? Дереу өзінің сүйікті кәсібін ашуға кірісті. Ауылдағы бұрынғы шәйхана мен наубайхананың ғимаратын қолға алып, жеңіл тамақ өнеркәсібін ашуды қолға алды. Қаладағы кәсібін сатып, қаржысын салған кәсіпкердің жоспары көп. Кеше алғашқы ойын орындап, «Food point» ашты. Қуанышын ауылдастарымен бөлісіп, батасын алды. Біз жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілейміз!