Басты тақырып
Ойылдың «Жас археологтары» Республикада оза шапты
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі КММ-сі мен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы біріккен түрде 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жас археолог» үйірмесі құрылып, өз жұмысын атқарып келеді. Үйірме - оқушылардың білімін жетілдіруді, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуді және құрметтеуді үйретеді.
5 жыл бойы біршама облыстық, республикалық жетістіктерге жетіп жүрген үйірменің қоржындары тағы бір жүлдемен толықты. Қасиетті Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі өтті. Музей саласы бойынша еліміздің 17 өңірінен, 73 өтінім қарастырылған. Бір аптаға созылған байқау нәтижесінде 44 жеңімпаз анықталды.
Нәтижесінде мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына-2022» фестивалында «Балаларға арналған үздік музейлік жоба — 2022» номинациясы бойынша Ш.Берсиев атындағы «Өнер және өлке тарихы музейі» «Жас археолог» үйірмесі жеңіп алды. Ескерткіштердің зерттелуіне ,археология ғылымына оқушылардың құлшынысын арттырып жүрген «Жас археолог» үйірмесінің жетекшісі Медет Құлмұқановқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің дипломы мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Г.АЛЕКСЕЕВА.