Басты тақырыпДенсаулық

Алматыдағы жерлестердің жәрдемі

Кеше Ойыл аудандық ауруханасына Алматыдағы жерлестердің жіберген көмегі келді.

Жырақтағы жерлестер қазіргі таңдағы жағдайға байланысты әлеуметтік желі арқылы бір-біріне үн қосып, ауылдағы ағайындарына көмек қолын созуды ұйғарады.
Бас-аяғы бір аптада жиналған 1.7 млн. теңгеге аудандық ауруханаға 75 дана 1-ші типтік медицина қызметкерлерінің қорғаныш киімдерін жіберді. Қашанда Ойыл дегенде жақсылығына сүйсініп, жамандығына күйініп жүретін жерлестердің көмегі әсіресе, сырқаттардың қасында жүрген дәрігерлер мен кіші буын қызметкерлердің қауіпті аурудан сақтануына мүмкіндік береді. Жерлестердің бағалы сәлемдемесін қабылдаған аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев Алматыдағы ағайынға туған жерлеріндегі ыстық сәлемі мен ақ пейіл алғысын жеткізді.

Р.S.  Бүгінгі күні ауданда қауіпті аурудың алдын-алудың барлық шаралары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, өкпе қабынуымен дәрігердің көмегіне жүгінетіндер азайды. Қазіргі таңда ауруханада небәрі 12 науқас қана жатыр. Аурухана қауіпті ауруды емдеудің хаттамасына енген дәрілермен жеткілікті қамтылған. Ауруханада 6 оттегі концентраторы және 3 жасанды дем алдыру құрылғысы бар. Бірақ, оларды қажет ететін сырқаттар жоқ.

С. ҚОЙБАҒАРОВ.

Басқа жаңалықтар