ӘлеуметДенсаулық

Жерлестер тартуы — өте қат құрылғы

Қысылтаяң шақта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ел әлеуетін әлдендіруге ауылдан түлеп ұшқан түлектер ат салысуда.  Әлемді жайлаған індеттен еліміздің азаматтары да зардап шегуде. Елім деп жүрген арда азаматтар індетке қарсы күресте қолдан келген көмектерін ұсынуда. Сол ізгі бастамалардың тағы бір легі өз жалғасын тапты. 1963 жылғы Факизат Сүлейменованың «Б» классы атынан аудандық ауруханаға 1980 мың тұратын «Монитор пациента ВМ-1» аппаратының 2 данасы тарту етілді. «Монитор пациента ВМ- 1» аппараты аурудың дене қызуын, қан қысымын, тыныс алуы мен толық жағдайын өзі бақылап тұрады. Бұл аппарат емделушілер үшін таптырмайтын құралдардың бірі. Құрылғыны аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевқа табыстады. 

Игі іске мұрындық болған аудандық мәслихат депутаты  Айсұлу Мамбетованың айтуынша, құрылғы үшін жиналған қаржының басым бөлігін яғни 1 миллион теңгеден астамын сыныбымыздың мақтанышы, қазіргі таңда облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Талғат Салфиков  бөліпті. Сонымен қатар, ұстаздары Факизат апай бастаған бір топ сыныптастарының еңбегі мен қосқан үлестері ерекше, жалпы 1980 жылы бітірген түлектер яғни 1963 жылғы азаматтар игі іске қашан да дайын екендігін жеткізді.
Сонымен қатар аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевтың айтуына қарағанда жақсы істің жаршысы болған тұлғалармен ақылдаса отырып ауруханаға тапшылығы сезілетін осы аппаратты алуды жөн көрген екен.
«Емделушілердің қан қысымынан бастап барлық ағзасындағы болып жатқан процесті қарап бақылап отыруға болады, бұл біз үшін үлкен көмек. Ауыр жағдайда жатқан науқастарды жіті бақылауда ұстап отыру үшін аса қажет құрылғылардың бірі. Медициналық пондимияға байланысты жан-жақта келіп жатқан көпектер өте көп. Өңірден шыққан азаматтарды халықтың денсаулығына бей-жай қарамайтындығы керісінше қолда бар көмекті ұсынып жатқаны қуантады. Айсұлу апай бастаған бір топ жанашыр жандар ауруханаға қандай көмек қажет екендігін алдын ала сұрап науқастар үшін өте қажет құрылғыны сыйға тартып отыр.

P.S
Құтты мекеннің ауасын жұтып, топырағына аунап қунап өскен, бал балалықтың тәтті естеліктерін әдемі қалыпта санада сақталуына себепкер болған туған жердің қасиетіне түлектердің ризашылығы қашан да шексіз. «Әр қазақ менің жалғызым» — дейтін асыл азаматтар халық үшін игі іс жасауға әрқашан дайын!

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар