ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпЭкономика
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 132 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Өңірде табиғи апат салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қираған үйлердің орнына жаңасы салынып, жақын арада қолданысқа беріледі.
Тасқын судан түгел қираған Екпетал ауылының тұрғыны Еркін Жакин аудан орталығына қоныс аударды. Отбасына жайлы баспана тапқан соң қажетті қаржы қайырымдылық қорынан бөлінді.
Еркін Жакин, Ойыл ауылының тұрғыны:
— Бәрі салулы. Қорасы бар, ауласы бар. Сарайы бар. Жақсы. Маған дайын есебінде көп көмек болды. Мазаланбаймын ғой «ананы саламын, мынаны саламын» деп.
Зоя Жакина, Ойыл ауылының тұрғыны:
— Алма бар, алмұрт бар, шие бар. Бәрі бар. Жүзім де тұр. Бұрынғы отырған адам егіп кеткен бәрін. Жақсы. Өзімізге ұнады. Осындай өзіміздің еліміз сияқты. Көгал айналамыз. Аудан орталығынан 132 үй сатып алынды. Тағы 39 тұрғын тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Бұдан бөлек, жаңа үйлердің де құрылысы да қарқынды. Мәселен, аудан орталығы Ойыл ауылында 19 үй салынып жатыр.
Алпамыс Жаржанов, құрылыс компаниясының өкілі:
— Қазір мына екі төбені жауып болғаннан кейін электромонтажниктер келіп, электр желілерін жүргізе бастайды. Екі үйді бітіріп болғаннан кейін «отделкіге» кіріседі. Бір айға жетпей қоныстанады деп ойлаймыз.
Жаңа үйлердің дені Қаратал ауылында. Мұнда 131 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы Ойыл ауданында 328 үйді су басқан еді. Жергілікті билік тамыздың аяғына дейін зардап шеккендерді жаңа үймен толықтай қамтуды көздеп отыр.