ӘкімдікБасты тақырып

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

Жуырда ауданымызға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Бауыржан Балғабеков, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, «Ақтөбе медиа» ЖШС-нің директоры Раукен Отыншин, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, журналист Жақсылық Айжан бастаған топ арнайы келді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселелердің бірі болғандықтан аталған топтың да мақсаттары ортақ. Сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына кері әсерін тигізетін үлкен бір кесел екені сөзсіз. Сондықтан, бұл кеселдің алдын-алу жолында Сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аудан тұрғындарына кеңірек түсіндірілді. Тоқтала кетсек, қайбір саланың болмасын басшысы өз қарамағында ағайын-туыстарымен қызметтес болуға болмайды. Оған заң түрінде шектеу қойылған. Сонымен қатар мемлекеттік мекеме басшыларының отбасы мүшелеріне сыяақы беруге де заңмен тиым салынған. Өйткені мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа жол берудің алғашқы тетігі болып саналады. Аталған жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің айтпақ ойларры осы мәселелер төңірегінде өрбіді. Біздің аталған келелі кеңестен түйгеніміз тек пайданы ғана ойлап пара алғандардың тұрағы темір торға айналады.

Әрі қарай жалғасақ, алғашқы іс-сапарын Ойыл ауданынан бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ойыл ауылдық округі сервистік әкімдігінде аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Түстен кейін Саралжын ауылдық округінде болып, мұнда да ауыл тұрғындармен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жандандыруға шақырды. «Тәрбие бастауы тал бесіктен» демекші, балаға ерте жастан ешкімнің ала жібін аттамауға, өзгенің затын жымқырмауға тәрбиелеу керектігі айтылды. Ауыл тұрғыны Жақсылық Бисалиев Саралжынға арнайы ат басын бұрып келген топқа ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күрес бірлескен түрде жалғаса берсе, әрқашан бірлікте ғана болсақ жасалған жұмыстар өз нәтижесін беретіндігіне толық сенім білдірді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар