Әкімдік
«Сапалы жол – Адалдық алаңы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б.Б.Атамқұловтың тікелей қолдауымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарын қайта құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №131 қаулысымен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
Құрылғаннан бері Кәсіпорын бүкіл республика бойынша жұмыс орындарына 20 мың инспекциялық сапарлар жүргізді. 15 мың тәртіп бұзушылықтар анықталып, 37 мың жол-құрылыс материалдары таңдап алынды және сынақтан өткізілді.Сараптама нәтижелері бойынша 2,9 млрд. теңге көлеміндегі жұмыстарды қайта құру ұсынылды. Оның 2,4 млрд. теңгесі қайта ұйымдастырылды да.
Тікелей өзара түсіністікпен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Орындалып жатқан жұмыстарды және мердігер ұйымдар қолданатын материалдарды қабылдау мен сапасын бақылау үдерісіне, соның ішінде арнайы мониторингтік топ құрамында, жұртшылықты тарту тәжірибесі енгізіліп отыр.
Алғаш рет жол қауіпсіздігі деңгейін бағалай отырып, ұзындығы 16 мың шақырым болатын республикалық желінің автомобиль жолдарын аспаптық диагностикамен қамту жұмыстары басталды.