Сұхбат
«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн!
Жаһанды жайлаған кесірлі кеселдің бірінші толқыны біздің елімізді біраз әбігерге салды. Жаздың соңында ауру бізде сәл бәсеңдегенімен іле-шала «кәрі құрлықта» екінші толқыны басталды. Қазіргі таңда еліміздің шығыс-солтүстік бөлігінде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны төмендер емес. Біздіңғ облыста жағдай тұрақты. Дегенмен, оған біздің дайындығымыз қалай? Сол туралы білмек үшін аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевты әңгімеге тарттық.
— Әңгімені бүгінгі ахуалдан бастасақ…
— Қазіргі уақытта Ойыл ауданы бойынша коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Осы инфекцияға қарсы тамыз-қазан айларында 782 адам ПТР арқылы тексерілді. Пневмониямен ауырғандар тәуліктік стационар және күндізгі стационар бойынша жоқ. Емхана бұрышынан ережеге сай фильтр жабдықталды.
— Атқарушы биліктің тарапынан қолға алынған кешенді шаралар мен шектеулердің арқасында аурудың бірінші толқыны біздің ауданда аса алаңдарлық жағдайға негіз болған жоқ.Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Қазіргі дайындық барысы қандай?
— Стационар бойынша Covid-қа қарсы ашылатын инфекциялық керует саны-10, соның ішінде реанимациялық керует-1, интернаттан ашылатын — 40, реанимациялық керует-2. Интернат мекемесін интернет жүйесімен және видеобақылау жүйесімен қамту жөнінде әкімшілікке ұсыныс берілді. Аудан бойынша Covid инфекциясына күдікті науқастарға амбулаторлы ем көрсетуге 3 мобильді топ құрылды. Осы топқа 1 реанимобиль алынды. Жедел-жәрдем бөлімшесіне де 1 реанимобиль автокөлігі келді.
— Аурумен күрес және оны жеңуде мамандармен қатар, аурухананың дәрі-дәрмекпен қамтылуы да маңызды.
— Дәрі-дәрмекпен қамтылу келсек, 60 күндік дәрі-дәрмек қоры бар. Қосымша 3 млн теңгеге дәрі-дәрмек қараша айында алынды. Қорғаныс құралдарымен жабдықталуы туралы айтар болсам, 60 күнге жететін 1000 дана 1 реттік қорғаныс костюмы бар. 150 көп реттік қорғаныс киімі, 100 000 бетперде, 30 мың пар арнайы қолғап бар. Сондай-ақ, 4 реанимациялық керует, 15 концентратор, 15 оттегі баллон, 7 ИВЛ аппараты және 4 Бобров аппараты, 35 пульсоксиметр, дефибрилляторлар бар. 3 рентген аппараты жұмыс жасап тұр. Оның бірі құны 41 млн теңге стационарлық рентген аппараты ауруханаға өткен қазан айында орнатылды. Сонымен қатар, инфузомат, 2 дана перфузор және 6 функционалды керует пен науқасты бақылау мониторы алынды. Арнаулы медициналық база негізінде, көмек ретінде әр-түрлі бірлікте медициналық құрал-жабдықтар, төсек орындар және дәрілік заттар келді. Қосымша, қажетті 24 түрлі құрал – жабдықтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс берілді.Тағы бір ерекше айта кетер жағдай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 «COVID-19 коронавирусымен күрес 6шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және тәуекел топтарының жалақысына үстемеақы мөлшерлері» бұйрығына сәйкес корановируска қарсы күреске қызмет еткен қызметкерлерге үстемақы төленді. Облыстық әкімшілік тарапынан материалдық қолдау 18 адам -1 800 000 тг. Барлығы 193 адамға — 25 531 555,26 тг төленді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 шілде № 287 ҚР ДСМ-87/2020 бұйрығы негізінде COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған себептерінен пневмонияға шалдыққан, 5 медицина қызметкерге (2 дәрігер, 1 фельдшер, 1 кіші қызметкер, 1 жедел-жәрдем жүргізуші) әрқайсысына 2 млн теңгеден бір жолғы әлеуметтік төлем төленді.
— Әрине, мұның барлығы мемлекет тарапынан жасалған жағдай. Туған жерінің халқы үшін жырақтағы жерлестеріміз де қолұшын созғанына куә болдық. Олардың көрсеткеткен көмегінің көлемі қандай?
— Демеушілік топтардың арқасында аудандық ауруханаға 12 оттегі концентраторы, 1 портативтік ИВЛ аппараты, 5 дана оттегі баллоны және 10 дана оттегі көпшігі мен 4 Бобров аппараты келді. 5 дана кварцты электр шамы да атымтай азаматтардың арқасында алынды. Сонымен қатар, мамандар үшін 75 дана жеке қорғаныс құралдары келді. Дегенмен, осы сәтті павйдалана отырып, аудан тұрғындар бұл ауруға бейжай қарамауға шақырамын. «Сақтансаң, сақтаймын!» — деген қағиданы естен шығармайық! «Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн!
— Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан С.ХАМЗИН.