Әлеумет
«Көкжар» КВН командасы үздік атанды
![](https://oiyl.kz/wp-content/uploads/2021/01/8p60ip8Xu6M.jpg)
Жуырда Ақтөбе қаласында өткен «Геолог» мәдениет үйі директорының кубогы үшін көңілді тапқырлар лигасы өткен еді. Көңілді тапқырлар лигасында аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының талантты оқушылары «Көкжар» КВН командасы қатысып, үздік атанды. Әр әзілдерін өткір шеберлікпен жеткізген оқушыларымыз командалар арасында оза шауып, жүлделі І орынға және 20 000 тг ақшалай сертификатына ие болды. Оқушылардың жоғары дәрежеде өнер көсетуіне жетекшілік еткен Нұрболат Тлегеновтің де еңбегін айтпай кетуге болмас.