ӘкімдікБасты тақырып
Ерікті болу-ерлік, алғыс алу-мәртебе!
Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы А.Қазыбаев Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ауданымыздағы белсенді жастарды, еріктілерді алғыс хаттарымен марапаттады. Төтенше жағдай кезінде Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 100-ге жуық еріктілер іс-шараға игі іске жұмылдырылып, жалғыз басты қарияларға, көпбалалы отбасыларға азық-түлік, маскалар таратып, қолдай көмек берген болатын. Ерікті жастар әр салада қызмет қылса да, ел үшін керек кезінде бір жерге жиналатын ауызбіршілікті көрсетті. Жақсы істе жанашыр жандардың еңбегі бағаланып, 60-тан астам ерікті жас Елбасының алғыс хатын алды. Еңбектері еленгені күн, жастарға алдағы күндеріне үлкен жауапкершілік аса құлшыныс пайда қылды. Жастар, еріктілер әлі де жұмыла жұмыс істемек. Ерікті жастар марапатын алып, бір-бірін құттықтап, тарасты.