Әкімдік

Өткенді екшеп, ертеңнің еншісіне көз тікті

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезекті ХL есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді.
Конференцияға партияның аудандық филиалының төрағасы Асқар Қазыбаев төрағалық жасады.
Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарының есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин баяндама жасады.
Баяндама барысында Саяси кеңес мүшелерінің мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасағанын, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді болғанын атап айтты.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асып жатқан жұмыстарына тоқталды.
— Партиямыздың алдағы 5 жылға арналған бағдарламасы ауданымызда қарқынды жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Алдағы уақытта осы қарқыннан таймай, барлық көрсеткіштерді артығымен орындалады депсенемін – деді Еркін Жиеналин.
Конференция барысында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері жаңадан сайланып, оның құрамына аудандық мәслихат депутаттары, праймеризге қатысқан партия мүшелері, партиялық тізімде болған үміткерлер еніп отыр. Сонымен қатар, Саяси кеңес мүшелерінің құрамында әйелдердің кемінде 30%-дан және 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-дан кем болмауы қамтамасыз етілді.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті XXXІ есеп беру-сайлау конференциясына Ойыл ауданынан 5 делегат сайланды.

Басқа жаңалықтар