ӘкімдікБасты тақырып

«Біз бірліктің үлкен күш екенін көрсеттік!»

КОРОНОВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНЕ ТАРАЛУЫ ШАРЫҚТАҒАН ТҰСТА ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ЕНГІЗДІ. ҚАЗІРГІ ЕЛІМІЗ ЕКІ АЙҒА ЖУЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН САҚТАП, ҚАУІПТІ ВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ ҮШІН АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ  ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖАТЫР. ЕНДЕШЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ СӘКЕН ЗАЙМОЛДИНМЕН БОЛҒАН СҰХБАТТЫ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҰСЫНАМЫЗ.

— Саламатсыз ба? Алдымен төтенше жағдай кезінде «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалымен қандай жұмыстар атқарылды? Кеңірек тоқталып өтсеңіз.

— Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде аудан әкімінің 2020 жылдың 16 сәуіріндегі №72 өкіміне сәйкес, жедел штаб құрылып, жұмыс кестесі құрылды. Осы кестеге сәйкес, бағаны тұрақтандыру және 9 түрлі азық-түлік бағасына енгізілген шекті мәнді бақылау бойынша аудан орталығында және ауылдық округтерге мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ карантин кезеңіндегі дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы бақылуға алынды.
Партиялық бақылау аясында Ойыл ауданында Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бойынша (2 транш) оптикалық талшықты байланыс желісі кабельдерін тарту жумыстары Ойыл-Сарбие-Караой- Ақтайсай бағытында жүргізіліп, қазіргі таңда 90 километрдің 39 километрі тартылды, мердігер «Эксклюзив строй» ЖШС. «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен, аудандық мәслихат депутаттарымен аудандағы блокпосттардың жұмыс барысы бақыланды. Блок-бекеттер күні-түні үздіксіз жұмыс істеуде. Ауданға кіріп-шыққан автокөлік тексеріліп, жүргізушілеріне термометрия жасалуда. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін жедел қарастыруды ұйымдастыру үшін партияның онлайн-қызметі және call-орталығының жұмыс жасауда.  Төтенше жағдай кезінде әртүрлі сұрақтар бойынша 103 өтініш түсіп, оның 88-і оң шешіліп, 16-сы қаралу барысында. Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан осыған дейін Ақтөбе қаласындағы 7894 адамға 7 санат бойынша көмек көрсетілген. Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен 27 сәуірден бастап мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталды. Коронавирус қаупі жоғары Ақтөбе қаласынан 10 557 мұқтаж отбасы қамтылып, оларға 50 мың теңгеден аударылды. Олардың ішінде ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер бар. Сондай-ақ тұрғындар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «BizBirgemiz» акциясы жұмысына қызығушылық танытып, азық-түлік көмегін сұрауда. Белгілі болғандай, партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен ақтөбеліктер акцияға белсене атсалып келеді. Бүгінге дейін 3728 отбасы азық-түлік көмегін алыпты. Сондай-ақ, партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» осы игі іске 150 млн. теңге бөліп, партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері қосымша өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары аясында, яғни жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін «Біз біргеміз!» республикалық акциясы қолға алынған болатын.

— Аталған акциялардың біздің аудандағы қарқыны қандай?

— Акция аясында Ойыл ауданы бойынша аудандық мекемелер, ауылдық округтер, аудандық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлер (сонымен қатар шаруа қожалықтары) өз үлестерін қосып,  300 (жалғызбасты зейнеткерлер 46, мүгедектер 49, аз қамтылған, көп балалы отбасылар 183, қаржылай жеке кәсіпкер Қуаныш Қыстаубаев 5 мұқтаж отбасына 15000 теңге көлемінде 75000 теңге, заттай 3261000 теңге, жалпы 336000 теңге көлемінде) тарта отбасыға азық-түлік, медициналық тауарлармен көмек көрсетілді. Облыстық мәслихат депутаты Талғат Маратұлы Салфиков пен «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының депутаттық фракциясының мүшелері 40 отбасыға, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, еңбек ардагері Қарабалиев Рахым Қожасұлы «Біз біргеміз!» акциясы аясында 5 отбасына көмек қолын созып, халықтың алғысына бөленді. Көптоғай ауылының кәсіпкері 8 аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға 100 килограмм ет таратып, игі іс жасады. Ауданның 1989 туған азаматтар көмекке зәру 18 отбасыға қолдау көрсетіп және көшелерде талдар отырғызылып, қоршау орнатты, 1987 жылғы азаматтар әр мұқтаж отбасына 17000 теңге көлеміндегі азық-түлік себеттерін үлестірді. 1972 жылғылар «Біз біргеміз» саябағын салуда, 1974 жылғылар воркауттар, армрестлингпен айналысатын алаңдар салуды жоспарлауда, 1969 жылғылар да өз үлестерін қосуға ниетті. Мектеп түлектері де өз үлестерін қосып, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуда.

— Қауіпті вирустың алдын алу мақсатында қандай шаралар жүзеге асырылуда?

— Коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу мақсатында Ойыл ауданында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы мен Ойыл аудандық Ұлттық сараптама орталығы ауқымды залалсыздандыру жұмыстарын аудандағы халық көп жиналатын әлеуметтік нысандарға тегін жүргізді. Ауылдық округтерде де короновирусқа қарсы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты ҚБ-нің жастары, аудандық жастар ресурстық орталығы және ерікті жастар аудан орталығындағы адам көп шоғырланатын жерлерге ақпараттық жадынамалар іліп және тұрғындарға таратты. Партияның аудандық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар және жол патрульдік полициясы бірлесе отырып, автокөлік жүргізушілеріне және тұрғындарға коронавирус пандемиясы туралы сақтық шараларын түсіндіріп, жадынамалар таратты. «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдары атсалысып, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімімен және «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы «Қаратал» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жеке кəсіпкер ауыл тұрғындарына тегін медициналық бетперде (маска) тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратылды. Сонымен қатар Қараой ауылдық округіндегі «Қараой» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында аз қамтылған отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік пакеттер үлестірді. Ауданымыздың әр ауылы бойынша жақындарымызды коронавирус індетінен сақтау үшін үйде отыруға шақырып және қашан да бірге екендіктерін білдіре отырып, «Біз біргеміз» челленджі ұйымдастырылып, жерлестерге ән арқылы қолдау көрсетілді. Сөйтіп, біз бірліктің үлкен күш екенін көрсеттік.

— Төтенше жағдай режимін бұзу әрекеттері бар ма? Төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға қандай шаралар қолданылды?

— Карантин режимін бұзу фактілеріне тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағы бойынша Ойыл ауданының кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға қатысты  14 оқиға тіркеліп, аудандық сотқа іс-құжаттары жинақталып және 26510 теңге көлемінде айыппұлдар салынды, сондай-ақ 1 және 2 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалғандар да бар.

Сұхбаттасқан:
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар