Әлеумет
Медиация кабинеті – мәміленің мекені
Жуырда аудан орталығындағы халықтың қозғалысы көп, мемлекеттік қызмет көрсететін бірнеше мекеме тоғысқан ғимарат – Ойыл селолық округінің ішінен, яғни барлығына қолжетімді жерде медиация кабинеті ашылды.
Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңның қабылданғанына он жылдан асты. Медиация — жанжалдарды соттың қатысуынсыз шешу формасы. Ал Медиатор — дауласушы тараптарды басқарушы, ол қорғаушы немесе заңгер емес, тараптардың ешбірінің мүддесін қорғамайды. Ол тек дауласушы тараптарды ортақ мәмілеге келтіріп, келіссөз жүргізуші.
Сондықтан, осы жаңа қоныста жұмыстарыңыз жанданып, даулар азайып, тараптар бір мәмілеге келіп, тиімді шешімін тауып, тараптар қанағаттанып шығады деп сенеміз!