ӘлеуметБасты тақырып

Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн

Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі - Көрісу күні. Қыстан аман-есен шыққан халық көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші- көлеммен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысқан. Бұл дәстүр Қазақстанның батыс аймақтарында жақсы сақталған. Биыл да ауданымыз жыл сайынғы дәстүрден жаңылған жоқ.

Көрісу күніне орай мекемелерде өткізіліп жатқан шараларға аудан әкімі Асқар Қазыбаев куә болды. Ең алдымен білім беру мекемелеріне ат басын тіреген аудан басшылары мерекелік игіліктердің куәсі болды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан арнайы тігілген Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің киіз үйінен дәм татып, мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Әр мекеме тойлаған Көрісу күніне орталық ауруханада айрықша атсалысты. Ерекше өнерлері н тарту еткен аурухана қызметкерлерінің ұлттық киімі де мерекенің сәнін келтірді.
Ал, қашанда мерекелік шаралардан тыс қалмайтын аудандық орталық кітапхана ұжымы арнайы көже асып, еңбек ардагерлеріне дастархан жайды. Сондай салтанаты жарасқан сәтке бас сұққан аудан басшысы мұнда да біраз ақсақалмен көрісіп қалды. Бір-біріне ізгі лебізін жолдап, тілектерін жаудырған дастарханның басындағы мәдениет ардагерлері ақ батасын берді.

Г.АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар