ӘкімдікБасты тақырып
Мемлекеттік инспектор мерейлі істерге куә болды
Өткен аптада Ойыл ауданына іссапармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторы Д.Шарипов пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы келді. Сапары барысында негізінен аудандағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен Саралжын ауылдық округіне ат басын тіреген қонақтар онда округі орталығындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. 2008 жылы салынған амбулатория ғимаратына былтыр 18 711 614 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимарат электр қуатымен жылытылады. Телефон байланысы бар. Жиһазбен, медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Одан кейін аудан орталығына келген қонақтар аудандық мәдениет үйінің қазіргі келбетін көрді. 1974 жылы сол уақыттағы жобамен салынған ғимаратқа былтыр 14,7 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 180 орындық Ойыл аудандық мәдениет үйі кабинеттері заман ағымына сай жаңартылып, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторы Д.Шарипов пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлын сапарының соңында аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудандағы Ойыл аграрлық колледжінің аумағында орналасқан Көкжар жәрмеңкесінің сауда қатарларымен, Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, аудан тарихының көмбесі Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейі және демеушілікпен салынған Ойыл балалар музыка мектебінің тынысымен таныстырды.