Басты тақырыпРухани жаңғыруСұхбат
Министрдің «Құрметі» Бақбергенге жолданды
Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында абыройлы қызмет етіп, саланы дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бақберген Мұхамбетқали Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Ойыл ауданының спорт саласында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан Бақберген Жәрдемұлын нағыз құрметке лайық азамат деп білеміз. Бақберген ағамызды аудан спортына шын жаны ашитын жанның бірегейі десек артық айтқандық болмас. Себебі қандай да болмасын спорттық шаралардың басы-қасынан табылып, Біз оны арнайы құттықтап тілдесу барысында ол: «Қазір аудан спорты жыл санап дамып келеді. Әлем чемпиондары саусақпен санарлық десек те, облыстық, республикалық додаларда көрсеткіштеріміз жоғары. Боламын деген баланың бетін қаққан емеспіз. Себебі бізде спортшылардың шынығуына толық мүмкіндік бар. Қазіргі таңда ауыл жастарын қолдау мақсатында елді мекендерде шағын спорт алаңдары салынуда. Мұның өзі біз үшін бұқаралық спортты дамытуға мол мүмкіндік», — дейді. Сондай-ақ, тілдесу барысында Бақберген Жәрдемұлы аудан үшін жақсы жаңалықпен бөлісті. Айта кетсек, ат спортын дамыту мақсатында Ойыл ауданы «Көкпар» федерациясы қоғамдық бірлестігі құрылуда.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.