ӘкімдікБасты тақырып
Анаға құрметтің шегі болмайды!
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әйел-ана - тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты салтанатты шара өтті.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, – дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ — мемлекетіміздің құт берекесі. Әйел-ана- отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші. Сондықтан, анаға құрметтің шегі болмауы тиіс!
Музыкалық композициямен басталған кеште аудан әкімі Асқар Қазыбаев шараға шақырылған аналар мен аруларды құттықтап, әр салада ауданның экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген үздіктерге алғыс хаты мен мерекелік сыйлығын табыстады.