Сұхбат

Кездесу арқауы — «Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің тарихы»

Жуырда Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің «Шұғыла» мәдени-демалыс орталығында ұйымдастырған  «Ұлттық бірегейлікті сақтау» жобасы аясында Білімнің салтанат құруы негізінде «Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің тарихы» атты пікір алысу шарасына негізінен ардагер ұстаздар шақырылды.

Аудан орталығындағы 3 мектептің қатысуымен өткен пікір алысу шарасында музей директоры  Балқия Рысбаева қазақ тарихындағы білім жүйесінің қалыптасуына тоқтала отырып, қазіргі таңдағы   барлық  жеткіншек ұрпақтың алдағы уақытта қызметкерлік  сауаттылығына зор көңіл бөлу керек екендігін баса айтса, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаевқа ұстаздарға білім беру жолындағы істеріне сәттілік тілеп, кездесуге келгендерді еркін пікір алысуға шақырды. Тақырыпқа сай  пікірлесу сағатында Ойыл өңірінде алғаш салынған мектептермен білім саласының тарихына тоқталып, 100 жылдық білімнің даму сатысы бойынша көлемді баяндама жасалды. Өз пікірлерін білдіруде Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айдана Аманжолова «Білім туралы» Заңын және қазіргі кездегі халыққа білім беру жүйесін талқылап, заманауи өзгерістерге бейімделген бірқатар жаңа бағыттарын ұсынды. Сонымен қатар жаңа бағыт бойынша жүзеге асып жатқан білім беру жүйесі талқыға салынып, қонақтар қазіргі таңдағы білім жүйесінің даму деңгейі электронды бағытта  жүргізілетіндігін  жеткізді. Бұрынғы білім беру жүйесі мен қазіргі білім беру жүйесі арасында көп айырмашылық бар екендігін айта отырып  мәселе төңірегінде көптеген ұсыныстарын ортаға салды.

Дулат Исабаев,
аудандық музейдің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар