Әлеумет

«Siko sushi» «Еңбектің» кезекті «жемісі»

Қазіргі таңда кәсіп жасаймын деген жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар өте көп. Ауданымызда кәсіпкерлікпен айналысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді.Туған елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген жандардың көбейіп жатқаны іштей қуантарлық жайт. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кəсіптен нəсіп тауып жүрген жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жүр. Кәсібін дамытқысы келетін аудан тұрғындары мол мүмкіндікті пайдалана отырып, ұтып алған грантына қосымша қаржысымен өз кәсіптерін бастауда. Басым көбі жобаларын қорғап, жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп келеді. Әсіресе, ауылдағы іскер жандардың еңбегі көрінеді.Соның бірі бас-аяғы бір жылдың ішінде кәсібін дөңгелетіп кеткен «Siko sushi» фаст-фуд желісі. Негізін қалаушы Сая Жұмабайқызы қазіргі кезде халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Жастардың талғамына сай түрлі тағамдар жасайтын суши орталығы өзінің тұрақты тұтынушыларын тауып үлгерді. Мұнда фаст-фуд өнімдерінің түрі бар. Бағалары да халық көңілінен шығады. Әрине, әуелден де осы кәсіпке машықтанған Сая үшін бастапқы капиталдың қолбайлау болғаны рас. Сондықтан, алдымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандағы бөлімшесі арқылы «Бастау – Бизнес» бағдарламасымен кәсіпкерліктің алғашқы қадамын игеру үшін білім алды. Жобасын сәтті қорғады. Өз жобасын сәтті қорғады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына ұсынды. Нәтижесі де көп күттірген жоқ.
«2020 жылдың 1 маусымынан бастап өз жұмысымызды бастадық. Бизнес жоспарды сәтті қорғап, мемлекет тарапынан бөлінген 555 600 мың қайтарымсыз грант ұтып алып, фаст-фуд кафе аштық. Ас мәзірінде сушидің 15 шақты түрі мен тағы да басқа фаст-фуд өнімдері бар. Оның ішінде пиццаның барлық түрлері, қуырылған картоп (фри), тауық қанаттары, бургер өнімдері. Қыркүйек айынан бастап нан өнімдерін қоса алып, тәтті бәліштер, торт сияқты тағы да басқа тәтті тағамдарды дайындаймыз» — дейді жеке кәсіпкер. «Siko sushi» фаст-фуд желісі аз уақыт іші­нде аудан тұрғында­рының сұ­ранысын қанағаттан­ды­ру­да. «Өнерліге өріс кең» демекші, он саусағынан бал тамған кәсіпкердің тағамдарының тіл үйіретін шебер аспаз екенін аудан халқы да мойындайды.
Алдағы уақытта аудан халқы үшін жанға жайлы демалыс орнына айналдыруды мақсат еткен кәсіпкер Сая Жұмашқалиева «Кәсіпкерлік саласында биікке көтерілуде қиындықтарға мойымай, оны жеңу үшін шыдамдылық пен сенімділік қажет екендігін» — тілге тиек етті.  Осылайша еңбектің көзін тауып, бүгінде көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Көп еңбек еткенге бақыт та басын иеді. Әлем де еңбекпен ғана жасарып, жаңғырады.

Гаухар Алексеева,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар