Әкімдік

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР БЕКІТІЛДІ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясы өтті. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев, ауылдық округ әкімдері және бірқатар бөлім басшыларының қатысуымен өткен аудандық сессияның кезекті отырысына аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде 14 мәселе қаралды.

Алдымен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №95 «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов хабарламаса жасады. 2020 жылғы 12 маусымдағы №405 Одан кейін «Ойыл ауданындағы денешынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» шешімінің орындалуы туралы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бақберген Мұхамбетқали хабарламаса жасады. Ауданда қысқы спорт түрлері кенжелеп тұрғаны рас. Осы тұста алдағы уақытта жұмыстану керек екені айтылды.

Одан соң, ауылдық округ әкімдері ауыл округтердің бюджетінің атқарылуы жайлы баяндама жасаса, аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин аудандық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясына 14 маусымға дейін үзіліс жариялау туралы хабарлама жасады. Сессия барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, жасалған хабарламалар бойынша өз ойын саралады.

Р.S Жиын соңында Сәкен Займолдин бастаған аудандық мәслихат депуттары аудан басшысы Асқар Қазыбаевпен кездесті. Кездесу барысында депутаттар өздеріне бекітілген аудан сайлаушыларын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, олардың шешілу жолдарын талқылады.

Басқа жаңалықтар