Басты тақырып

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

23 маусым — Қазақстан Республикасының полиция күні. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңы еліміздің полиция қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын  реттеп, нәтижесінде оның қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөлін айқындап берді. Осы орайда өткен апта Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, ауданда футболдан шағын турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, әсіресе ақтық ойын көрермендер көңілінен шықты. Турнир қорытындысы бойынша ІІІ орын Ойыл балалар- жасөспірімдер спорт мектебі тұрақтаса, ІІ орынды АӨФ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ойыл газ шаруашылығы мекемесі алды. Шебер ойын көрсеткен Ойыл аудандық полиция бөлімі командасы І орынға ие болды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар