Басты тақырып
Батыр бабалар ерлігі Ұрпақ жадында ұлықтала береді
Жуырда Кеңес Одағының екің мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған шағын футболдан аудандық турнир өтті. Батыр бабамызды ұлықтауға арналған аудан біріншілігінде 5 команда өзара тартысты ойын көрсетті. Жарыстың жанкүйерлері көп болды. Аудан орталығынан шалғай жатқан Сарбие, Қайыңды ауылдық округтерінен келген командалар айрықша ойын көрсетіп, турнир жүлдесінен құр қалмады. Қайыңды үшінші орынды еншілесе, Сарбие екінші орынды иеленді. Ойыл командасы шебер ойын көрсетіп ғана қоймай, қызу дайындықтың нәтижесінде бірінші орынға қол жеткізді. Батыр бабамыздың 100 жылдығына арналған шараға тамшыдай үлесін қосқан барлық спортшыларымызға мақтау қағаздары мен медальдар табыс етілді.