Басты тақырып

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ҚАЗІРДЕН ОЙЛАЙЫҚ!

Шөп жәрмеңкесі

Сенбі күні аудан орталығында шөп жәрмеңкесі өтті. Село тұрғындарының қысқы мал азығымен қамтылуы үшін ауданға қарасты әр ауылдық округтен шаруа қожалықтар әзірлеген шөп келді. Жәрмеңке алаңына 1500 дана тюк шығарылды. Бір тюктің бағасы 450 теңгеден сатылды. Мал азығының жәрмеңкесін Саралжын ауылдық округінен, Берсиев, Сарбие, Қайыңды, Ойыл ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтар қыздыра түсті. Аталған ауылдық округтерден шөп тиіп келген көліктердің дөңгелегі суығанша үстіндегі шөптері өтіп үлгерді. Қазір шөптің құнары бойынан кете қоймаған шақ. Иісі де аңқып тұр. Биыл мал азығының түсімі де мол. Алайда жайбарақат жүруге болмайды. Алдымызда күз мезгілі күтіп тұр. Асықпай жүргенімізде құбылмалы күз мезгілі жауын-шашынды болуы әбден мүмкін. Сондықтан, «Тұрғындар құлағына алтын сырға!» Мал азығын ауламызға түсіріп алуға асығайық ағайын.

P.S. Шөп жәрмеңкесіне ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абат Мүбәраков арнайы қатысып, тұрғындарға мал азығын ертерек алу керектігін айтты. Сондай-ақ «Мұндай жәрмеңке алдағы уақытта жалғасын табады және де ең төменгі баға осында. Біз шөптің бағасын үнемі бақылауда ұстайтын боламыз», — деді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар