Басты тақырып

КӨПТОҒАЙДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Өткен аптада «АМАNAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобының мүшелері мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Сәндібек Нұрбаев, Исатай Берғалив, Мейрамгүл Омарова Көптоғай елді-мекенінің тұрғындарын қабылдады.
Көптоғай ауылының тұрғындары тарапынан Көптоғай ауылдық округінің Құрман дәрігерлік амбулаториясын салу көрсеткішінің мәселесі бойынша алынып жатқан шаралар туралы, ауылішілік жолдарды жөндеу, азық -түлік бағасы, мал азығын сатып алу және жеке кәсіп бастау сияқты мәселелері ортаға салынды.
Ойыл аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин ауыл тұрғындарына партияның «Жол картасы» аясында жолдың құрылыс жұмыстары басталғанын және оны қатаң бақылауда ұстайтынын, сонымен қатар мал азығының бағасын халық пен кәсіпкердің пікірлерін ескере отырып екі тарапқа да тиімді бағаны назарға алатындығын жеткізді. «АМАNAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобының мүшелері одан кейін округке қарасты Амангелді, Қарасу Шұбарши елді-мекенінің тұрғындарын қабылдады.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштер тұрғын үй, жұмысқа орналасу, мал азығы сынды өзгеде мәселелер болды.
Барлық түскен өтініштерге тиісінше жауап беріліп, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес қарау үшін мемлекет органдарға жолданды.
Одан әрі қабылдау тобы салынып жатқан жолдардың жұмыс барысымен танысып аталған жұмыстардың белгіленген уақытта аяқталатынына көз жеткізді.
Көшпелі мобильді топтардың мақсаты – жергілікті жерлердегі халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың өтініштерін қабылдау. Мұндай жұмыстар басқа да ауылдық мекендерде жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар